Хакан Фидан Иранға көңіл айтты

Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиянмен телефон арқылы сөйлесті.

2084575
Хакан Фидан Иранға көңіл айтты

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иранның Керман қаласында болған лаңкестік шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Хакан Фидан кеше Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиянмен телефон арқылы сөйлесті.

Министр Фидан Иранның Керман қаласында өткен күні жасалған лаңкестік шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Әңгімеде аталмыш лаңкестік әрекетке байланысты кейінге шегерілген және алдағы кезеңде жүзеге асырылатын Иран президенті Ибрахим Реисидің сапары да талқыланды.

Иранның Керман уәлаятында  Иран Төңкеріс Сарбаздары армиясына қарасты Иерусалим күші қолбасшысы генерал Касым Сүлеймани бейітінің жанында болған екі жарылыс салдарынан 95 адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар