Президент Ердоған Катарда

Президент Катар әмірі Әл Танимен кездесті.

2072503
Президент Ердоған Катарда

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Катар Жоғары стратегиялық комитетінің 9-шы отырысына қатысу үшін кеше Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамед Әл Танидің шақыруымен осы елдің астанасы Дохаға барды.

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін президент Ердоған мен Катар әмірі Әл Тани оңаша кездесу өткізіп, Израильдің Газа секторындағы қырғынындағы соңғы жағдай, атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілік талпыныстары мен Газаға гуманитарлық көмек мәселелерін талқылады.

Кездесуде президент Ердоған Израильдің жасаған соғыс қылмыстары үшін жауап беруі керектігін, бұл үшін халықаралық қолдау мен күш-жігерді арттырудың маңызды екенін айтты.

Екі лидер артынан Түркия-Катар 9-шы Жоғары стратегиялық комитет отырысына қатысты. Отырыс нәтижесінде екі ел арасында бірлескен декларация мен 12 келісімге қол қойылды.

Ердоған өз құрметіне берілген ресми түскі асқа қатысты.

Президент Ердоған бүгін Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің 44-ші саммитіне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар