Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейін декларация жарияланды

Декларацияда террор ұйымдарына  қарсы түрлі операцияның ел ішінде және шетелде табандылықпен жүргізілгені баяндалды.

2070713
Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейін декларация жарияланды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен Президенттік кешенде өткен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысынан кейін декларация жарияланды.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы тарапынан жарияланған декларацияда  PKK/KCK-PYD/YPG, FETÖ және ДАИШ террор ұйымдарына  қарсы түрлі операцияның ел ішінде және шетелде табандылықпен жүргізілгені баяндалды.

Декларацияда Израильдің Газа секторында 7 қазаннан бері шамамен 16 мың палестиналықтың өмірін қиған шабуылдарына да тоқталды.

Декларияға қарағанда отырыста  Иракпен ынтымақтастық, Киркуктегі соңғы оқиғалар және түрікмен бауырластарымыздың жағдайы, Әзербайжан-Армения келіссөздерінің тұрақты бітім келісімімен аяқталуы, Ресей-Украина соғысының аймақтық және әлемдік саясатқа әсері де қолға алынды.



Ұқсас жаңалықтар