Сыртқы істер министрінің орынбасары Серим Мысырға барды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Серим мен Ішкі істер министрінің орынбасары Каралоғлу Мысырға барды.

2069580
Сыртқы істер министрінің орынбасары Серим Мысырға барды

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ясин Экрем Серим мен Ішкі істері министрінің  орынбасары  Мүнир Каралоғлу Газаға көмек жұмыстары аясында Мысырға барды.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Сыртқы істер министрінің орынбасары Серим мен Ішкі істер министрінің орынбасары Каралоғлу Мысырға барды.

Серим және Каралоғлу Каирде Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, Мысыр Қызыл Жарты ай қоғамы, Мысыр Апат және Төтенше жағдайлар басқармасымен кездескеннен кейін кеше  Түркияның гуманитарлық көмегі жеткізілген Эль-Ариш қаласы мен Рафах шекара қақпасына барды.

Серим мен Каралоғлу дағдарыстың басынан бері Рефах шекара қақпасында жұмыс істеп, эвакуация процедураларын жүргізіп жатқан Түркияның Мысырдағы елшілігінің қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар Серим мен Каралоғлу бүгін шекара қақпасында эвакуацияланған түрік азаматтарын қарсы алды.

Министр орынбасары Серим Түркия азаматтарын Газадан эвакуациялау операциясы туралы Рефах шекара қақпасында баспасөзге мәлімдеме жасады.

Түркияның Газадағы адамдарға қалай көмектесетіні және түрік азаматтарының аймақтан қалай шығарылатыны туралы процестің басынан бері жұмыс істеп жатқанын айтқан Серим «Мәселені шешу үшін әр платформада бастамаларымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар