Куртулмуш Палестина халқымен бірге екенін айтты

Нуман Куртулмуш «Түркия ретінде әрі Газада, әрі Батыс Шерияда бүкіл Палестина халқымен ынтымақтастық жасаудамыз » деді.

2069458
Куртулмуш Палестина халқымен бірге екенін айтты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  төрағасы Нуман Куртулмуш «Түркия ретінде әрі Газада, әрі Батыс Шерияда бүкіл Палестина халқымен ынтымақтастық жасаудамыз » деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы және Азия Парламенттік Ассамблеясының мерзімді төрағасы Куртулмуш Анталияда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің үй иелігінде Анталияда ұйымдастырылған  Азия Парламенттік Ассамблеясы Атқарушы кеңес отырысының ашылуында сөз сөйледі.

Нуман Куртулмуш «Сребреницадағы қанды қырғынды өлтіргендер халықаралық әскери қылмыстар сотында жауапқа тартылғаны сияқты, Нетаньяху мен оның бандылары да халықаралық соғыс қылмыстары сотында сотталуы керек» деді.

Екі күннен кейін Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күні болатынын айтқан Куртулмуш: «29 қараша – бүкіл әлемдегі Палестина халқымен ынтымақтастық күні. Біз Азия Парламенттік Ассамблеясының өкілдері ретінде Анталиядан бүкіл әлемге Палестинамен ынтымақтастығымызды және Палестина халқымен бірлігімізді жариялаймыз. Осы орайда Түркия ретінде әрі Батыс Шерияда, әрі Газада бүкіл Палестина халқымен ынтымақтасатынымызды және Палестина халқының осы заңды күресін соңына дейін қолдайтынымызды айтқым келеді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар