Сағат 21-де жарықты жағып-өшіреміз

Палестинада өмір сүретін балалардың «балаша өмір сүру құқығы» үшін Түркия уақытымен сағат 21-де жарық жағып-өшіру акциясы болады.

2066562
Сағат 21-де жарықты жағып-өшіреміз

20 қараша Дүниежүзілік балалар құқығы күнінде Газа және Палестинада өмір сүретін балалардың «балаша өмір сүру құқығы» үшін Түркия уақытымен сағат 21-де жарық жағып-өшіру акциясы болады.

Анкара Ұйымшылдық платформасы Газалық балалар үшін «Бір нәрсе істе» атты акция шеңберінде бүгін сағат 21-де жарықты жағып-өшіреді. «Газада Израиль қырғынының 44-ші күні. 13 мыңнан астам газалық азамат Израильдің шабуылдарында қаза тапты. Олардың арасында мыңдаған бала мен сәби де бар» деп айтылды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған да осы күнге байланысты жазбасында Израильдің қолынан өлген палестиналық балаларға назар аударды.  Емине Ердоған «1,2,3,4,5,6,8,9. Бұлар тек сан ғана емес.  7 қазан күнінен бері Израиль бомбалап жатқан Газада ең негізгі құқығы болып табылатын өмір сүру құқығы қолдарынан алынған мыңдаған баланың кейбірі. Өз інілерін «қорықпаңдар,  қазір өлеміз» деген сөздермен жұбатқан балалар үшін кеш қалдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар