"Израиль сабырымызды сынап отыр"

Президент Ердоған Израильдің Палестинадағы қырғынына тағы бір рет наразылық білдірді.

2062972
"Израиль сабырымызды сынап отыр"

Президент Ердоған Израильдің Палестинадағы қырғынына тағы бір рет наразылық білдіріп, «Израиль біздің еліміздің жерін де меңзейтін «уәде берілген топырақтар» деген қиялмен ядролық қару қолданамын деп сабырымызды сынап отыр» деді.

Президент Ердоған Түркия Республикасының құрушысы, ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болғанына 85 жыл толуына орай Анкарада еске алу шарасында сөз сөйледі.  Президент Израильдің қырғындарына тағы бір рет наразылығын білдірді.

Ол Израильдің адамдық қылмыс істеп отырғанын айтып, «Палестина халқы мыңдаған жылдан бері өмір сүрген жерлерді күштеп басып алғандар Түркия жерін де аламыз деп сабырымызды сынап отыр» деді.

«Қолдарындағы технологиялық үстемдік және адамдыққа жатпайтын зұлымдыққа қарамастан Палестинаның жазықсыз балалары және әйелдері, қарияларын жеңе алмағандар осы қиялынан оянатын уақыт жақын» деген Ердоған  әлі  дүниеге келген нәрестелерден жазықсық балаларға, күнәсі жоқ әйелдер мен қарттарға дейін он мыңдаған адам жанының есебінің міндетті түрде сұралатынын атап көрсетті.

«Бұл залымдардың әр қайсысы және оларға көмек беріп, қылмысқа ортақ болғандар алдымен адам ұжданында,  артынан тарих алдында міндетті түрде сотталады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар