Газаға ауқымды көмек Измир портынан жолға шықты

Аймаққа толық жабдықталған ауруханалар жеткізіледі.

2062818
Газаға ауқымды көмек Измир портынан жолға шықты

Газаға жасалған ең үлкен медициналық көмек Измирден жолға шықты.

Түркия шұғыл медициналық көмек көрсету үшін аймаққа толық жабдықталған далалық ауруханалар мен 20 жедел жәрдем көлігін жіберді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа барлығы 51 контейнерлік медициналық материал мен генератор және толық жабдықталған 20 жедел жәрдем көлігі тиелген кеменің Измир Алсанджак портынан Мысырға кеткенін хабарлады. Жолға шыққан медициналық көмекке барлық климаттық жағдайларға төзімді операциялық бөлмелері мен реанимация бөлімдері бар толық жабдықталған далалық аурухана және толық жабдықталған үрлемелі далалық ауруханалар, сондай-ақ оларда қолданылатын медициналық препараттар мен медициналық материалдар енді.

Көмек кемесі ертең Әл-Ариш портына жетуі керек.

Министр Фахреттин Кожа бұдан бұрын дәрі-дәрмек, медициналық материалдары, медициналық құрылғылар мен генераторлардан тұратын 8 жүк ұшағы Эль-Ариш әуежайына жеткенін білдірген еді.

Түркия бұған дейін аймаққа әуе арқылы 230 тонна көмек жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар