Президент Ердоған кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады

Президент Ердоған бас қала Анкарада өткен Президенттік кабинеті отырысының артынан мәлімдеме жасады.

2058663
Президент Ердоған кабинет жиналысының артынан мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Еуропа мен АҚШ-тың сөзсіз қолдауына ие болған Израиль әкімшілігі тура 25 күннен бері бүкіл әлемнің көз алдында адамзатқа қарсы қылмыс жасауда» деді.

Президент Ердоған бас қала Анкарада өткен Президенттік кабинеті отырысының артынан мәлімдеме жасады.

Ердоған сөзінде Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдарына тоқталып, «Қазан айының 7-нен бастап газалық ағайындарымыз үлкен жауыздық пен қатыгездікке ұшырады. Еуропа мен Американың сөзсіз қолдауына ие болған Израиль әкімшілігі тура 25 күннен бері бүкіл әлемнің көз алдында адамзатқа қарсы қылмыс жасауда» деді.

Қатерлі ісікпен ауырған науқастарды емдейтін «Түркия-Палестина достық ауруханасының» Израильдің жабайылығының соңғы құрбаны екенін атап көрсеткен Ердоған «Мемлекеттік санасынан мүлде айырылып қалғандай, ұйым сияқты қозғалған Израильді тезірек тоқтату керек деп есептейміз» деді.

Президент Ердоған «Израильдің бейбіт тұрғындарға тікелей шабуылдары нәтижесінде бүгінге дейін көпшілігі сәбилер, балалар және әйелдерден тұратын 8 500 палестиналық шәйіт болды. Газада жасалған әскери қылмыстардың жауапкерлері заң алдында жауапқа тартылсын деп талпынысымызды жалғастырамыз» деді.

Түркияның қақтығыстар басталған алғаш күннен бергі ортаға қойған мейірімді, әділ және абыройлы ұстанымның бүгін де жалғасып жатқанын білдірген Ердоған «25 күн өткен бұл қырғынның алдын алу – біздің басты міндетіміз. Ол үшін атысты тоқтатып, содан кейін мәңгі бейбітшілікке баратын жолды ашу керек. Барлық тиісті тараптардың қатысуымен өтетін «Палестина-Израиль халықаралық бейбітшілік конференциясы» бұл үшін ең қолайлы платформа болатынын ойлаймыз» деді.

Аймақтағы актерлермен ынтымақтастықта жаңа қауіпсіздік механизмін құруды қажет деп есептейтіндерін және бұл қадам басылғанда жауапкершілікті алуға дайын екендерін білдірген Ердоған «Еуропа елдерінен бастап батыс әлемі Газадағы адамзаттық сынақтан тағы да өте алмады» деді.

Ердоған бір бөлігі газалықтарға жеткен Түркияның жалпы көмек материалдарының 213 тоннаны құрағанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар