Ердоған Гамбия президентімен сөйлесті
Ердоған Гамбия президенті Адама Барроумен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Гамбия президенті Адама Барроумен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімеде Түркия мен Гамбия арасындағы қарым-қатынастар, Израильдің Палестинаға жасаған шабуылдары және Гамбияда өтетін 15-ші Ислам саммиті талқыланды.
Әңгіме барысында президент Ердоған Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарын тоқтату және Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімдеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін Ислам әлемінің бірлікте әрекет етуінің маңызды екенін білдірді.
Ердоған Барроуға Ислам саммитінде келіссөздер мен қабылданатын шешімдердің пайдалы болатынын түсіндірді. Ердоған сонымен қатар саммитке Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан қатысатынын білдірді.
Әңгімеде президент әріптесімен Түркия мен Гамбия арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту үшін алдағы кезеңде жасалуы мүмкін қадамдарды да талқылады.
Ұқсас жаңалықтар

Ахмет Йылдыз «Сирияның болашағында террор ұйымдарына орын жоқ» деді
Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Йылдыз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде үндеу жариялады.

Трамп Сауд Арабиясында Путинмен кездеседі
Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді.