Берна Өзтыназ Еуропада маңызды орынға көтерілді

Берна Өзтыназ әлемнің 34 еліне өкілдік еткен Еуропа Адамдарды басқару қауымдастығы Әкімшілік кеңесі төрайымы болып сайланды.

2054693
Берна Өзтыназ Еуропада маңызды орынға көтерілді

Еуропа Адамдарды басқару қауымдастығының алғашқы әйел төрайымы Түркиядан келген Берна Өзтыназ болды.

Түркия Адамдарды басқару қауымдастығының Ақылдастар кеңесінің мүшесі Берна Өзтыназ әлемнің 34 еліне өкілдік еткен Еуропа Адамдарды басқару қауымдастығының Әкімшілік кеңесі төрайымы болып сайланды.

Түркия Адамдарды басқару қауымдастығы жасаған мәлімдемеге қарағанда Республиканың 100 жылдығында алғаш рет Түркиядан бір есім Еуропа Адамдарды басқару қауымдастығының алғашқы әйел төрайымы болып сайланды, ал Өзтиназ болса қауымдастықтың алғашқы әйел төрайымы атанды.

Өзтиназ сонымен қатар Дүниежүзілік Адамдарды басқару қауымдастықтары одағында әкімшілік кеңесі мүшесі ретінде Еуропа Адамдарды басқару қауымдастығына өкілдік етеді.

1979 жылы Еуропа Адамдарды басқару қауымдастығы мүшесі болған Түркия Адамдарды басқару қауымдастығы ұйымның Түркиядағы жалғыз өкілі болған және Дүниежүзілік федерацияға мүшлікке қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар