Газаға көмек тасыған ұшақ Мысырға жетті

Көмек материалдары Рефах шекара қақпасы арқылы Газаға жеткізіледі.

2054682
Газаға көмек тасыған ұшақ Мысырға жетті

Түркиядан Газаға дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды тасымалдаған әскери жүк ұшағы Мысырға жетті.

Газаға жасалған көмек аясында 24 тонна медициналық құралмен бас қала Анкарадағы Этимесгут әскери әуежайынан көтерілген әскери жүк ұшағы Мысырдағы Эль-Ариш әуежайына барып қонды.

Көмек материалдары әуежайда ұшақтан түсіріліп, жүк көліктеріне тиеледі және Рефах шекара қақпасы арқылы Газаға жеткізіледі.

Газаға көмек аясында күндіз Анкарадан Мысырға тағы екі әскери жүк ұшағы аттанады.

Кеше Газаға дәрі-дәрмек пен медициналық материал тасымалдаған, құрамында 20 маман дәрігер бар Президенттік ұшақ Есенбоға әуежайынан Мысырға аттанған еді. Арасында денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері де бар  20 маман дәрігер Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі және басқа да ресми тұлғалармен кездесіп, Газаға медициналық көмекті талқылады.



Ұқсас жаңалықтар