Ердоған Мальдив аралдары президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президент аппаратының жанындағы Коммуникациялар басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2054065
Ердоған Мальдив аралдары президентімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Мальдив аралдары президенті Мұхаммед Муиззумен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппаратының жанындағы Коммуникациялар басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Израиль-Палестина қақтығыстары аясындағы соңғы өзгерістер мен гуманитарлық мәселелер талқыланды.

Президент Ердоған Түркияның әрі аймақта тыныштықты қамтамасыз ету, әрі гуманитарлық көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын, үнемі жаңа әдістер әзірленіп жатқанын және мұның жалғаса беретінін білдірді.

Әңгіме барысында Ердоған Муиззуды еліндегі президенттік сайлаудағы жеңісімен де құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар