Министр Фидан ирактық және ирандық әріптестерімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сауд Арабиясының Жидда қаласында.

2053206
Министр Фидан ирактық және ирандық әріптестерімен бас қосты
Fuad Huseyin-Hakan Fidan.jpg
Fidan-Abdullahiyan.jpg

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сауд Арабиясының Жидда қаласында Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн және Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Амир-Абдуллахиянмен кездесті.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Ашық қатысу атқарушы комитетінің отырысына қатысу үшін кеше Жиддаға барған Фиданның кездесулері туралы Сыртқы істер министрлігі «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан хабарлама жасады.

Хабарламада Фиданның ирактық және ирандық әріптестері Хусейн және Абдуллахиянмен бас қосқаны атап көрсетілді.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Фидан Аргентина Сыртқы істер министрі Сантьяго Кафиеромен де телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Израиль мен Палестинадағы оқиғалар мен Израильдің Газаға жасаған шабуылдары талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар