Ердоған Израильдің Газадағы ауруханаға шабуылын айыптады

Президент Ердоған қанды шабуылдан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында Израильді айыптаған мәлімдеме бөлісті.

2052255
Ердоған Израильдің Газадағы ауруханаға шабуылын айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасын бомбалауына байланысты мәлімдеме жасады.

Президент Ердоған: «Мен барша адамзатты тарихта бұрын-соңды болмаған бұл қатыгездікті тоқтату үшін әрекет етуге шақырамын» деді.

Президент Ердоған қанды шабуылдан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме бөлісті.

Ердоғанның мәлімдемесінде: "Әйелдер, балалар және жазықсыз бейбіт тұрғындар бар ауруханаға шабуыл жасау - Израильдің ең қарапайым адами құндылықтардан ада шабуылдарының соңғы үлгісі. Мен бүкіл адамзатты Газадағы тарихта бұрын-соңды болмаған қатыгездікті тоқтату үшін әрекет етуге шақырамын" деп көрсетілді.

Алғашқы болжамға негізделгенде Израильдің Газадағы Әл-Ахли баптистер ауруханасын бомбалауы салдарынан 500 адам қаза тапқаны білдірілді.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра бомбалау кезінде 500 адамның қаза тапқанын айтты.

Қайтыс болғандардың басым бөлігі сәбилер, балалар мен әйелдер екені хабарланды.

Палестина президенті Махмуд Аббас оқиғадан кейін 3 күндік аза тұту жариялады.



Ұқсас жаңалықтар