Алтун Түркия-Австрия жұмыс күші келісімінің маңыздылығына тоқталды

Фахреттин Алтун Түркия-Австрия жұмыс күші келісімінің 60 жылдығына арнайы мақала жазды.

2140003
Алтун Түркия-Австрия жұмыс күші келісімінің маңыздылығына тоқталды

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның президент Режеп Тайып Ердоған басшылығындағы аймақтық және жаһандық аренадағы рөлімен тұрақтандырушы күш екенін атап көрсетті.

Фахреттин Алтун Түркия-Австрия жұмыс күші келісімінің 60 жылдығына арнайы мақала жазды.

Алтунның мақаласы Австрияның маңызды газеттерінің бірі «Kurier»-де жарияланған.

Мақаласында екі ел арасындағы қарым-қатынастарға тоқталған Алтун Түркия-Австрия жұмыс күші келісімінің маңыздылығына тоқталды.

Алтун «Екі елдің мүддесіне сай келетін келісімнің жүзеге асуы түрік халқы мен Австрия халқының өмірді бөлісуіндегі алғашқы қадам болды. Австрияға барған түріктер жаңа әлеуметтік ортаны, жаңа бір мәдениетті, түрлі жұмыс салаларын және дәртіп-түзімдерін түсіне отырып өмірге бейінделуде. Өздеріне айқара құшақ жайған елдің дамуына үлес қосуда» деді.

Фахреттин Алтун өткен жылдың 6 ақпанында орталығы Кахраманмараш болған  жер сілкінісінен кейін Австрияның Түркиямен көрсеткен ынтымағын еске түсіріп: «Біз Австрияны әлемдегі бейбітшілік пен өркендеу үшін күресте маңызды одақтас ретінде көреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар