«12-ші Даму жоспары» Мәжілістің қарауына ұсынылды

Президент Ердоған «12-ші Даму жоспарын» Мәжілістің қарауына ұсынатындарын білдірді.

2052085
«12-ші Даму жоспары» Мәжілістің қарауына ұсынылды

Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде 2053 көзқарасымен жұмыстарын жүргізгендерін, Түркияның алдағы 5 жылдық жол картасын белгілейтін «12-ші Даму жоспарын» аяқтағандарын тілге тиек етті.

Ердоған үкіметтік емес ұйымдарың, кәсіптік ұйымдардың және бизнес әлемінің үлестерімен дайындаған "12-ші Даму жоспарын" бүгін Парламенттің қарауына ұсынатындарын айтты.

5 жылдық даму жоспарының 5 негізгі тақырыптан тұратынын атап көрсеткен Ердоған «Білікті адам, мықты отбасы, салауатты қоғам. Тұрақты өсу, қарқынды экономика. Жасыл және цифрлық трансформация арқылы бәсекеге қабілетті өндіріс. Апатқа төзімді өмір сүру кеңістігі, тұрақты орта. Әділдікке негізделген демократиялық тиімді басқару» деді.

«12-ші Даму жоспары» кезеңінде орташа есеппен 5 пайыздық тұрақты және теңгерімді өсуді мақсат еткендерін тілге тиек еткен Ердоған кезең соңында жұмыссыздықты 7,5 пайызға дейін төмендетуді көздегендерін білдірді.

Инфляцияны тұрақты түрде бір таңбалы санға түсіруді және 2028 жылдың соңына дейін оны 4,7 пайызға дейін төмендетуді мақсат еткендерін атап көрсеткен Ердоған мемлекет пен ұлтты «Түрік ғасырына» апаратын жолға бағыттайтын «12-ші Даму жоспарының» құт әкелуін тіледі.

Президенттік басқару жүйесінің екінші даму жоспары болып табылатын және 2024-2028 жылдар аралығын қамтитын 12-ші даму жоспары президент Ердоғанның бекітуінен кейін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі әкімшілігіне ұсынылды.



Ұқсас жаңалықтар