Түркия терроризммен күресте табанды

Ердоған Стамбул Конгресс орталығында өткен Түркия-Африка 4-ші іскерлік және экономикалық форумының жабылу салтанатында сөз сөйледі.

2050647
Түркия терроризммен күресте табанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ұлттық қауіпсіздігі үшін қажет қадамдарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Ердоған Стамбул Конгресс орталығында өткен Түркия-Африка 4-ші іскерлік және экономикалық форумының жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде Сирияда Америка Құрама Штаттары (АҚШ) атып түсірген түрік ұшқышсыз әуе аппаратына тоқталды.

АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғастарымен осы елде жүргізген әрекеттерінің Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне төтенше қауіп төндіретінін түсіндірген  Ердоған:  «Біз НАТО-да Америкамен бірге емеспіз бе? Біз біргеміз, бірақ АҚШ біздің ұшқышсыз әуе аппаратымызды атып түсірді ме? Отып түсірді. Ондай болса НАТО-да сізбен қалай бірге бола аламыз? Арамызда қауіпсіздік мәселесі бар» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған бөлшектеуші террор ұйымының артында кім тұрса да террористтерді түбегейлі жоюға бел байлағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар