Ердоғанның мәлімдемелері әлем баспасөзінде жаңғырық жаратты

Ердоғанның үндеуін оқырмандарына жеткізген газеттер Түркияның бейбітшілік үшін қадам басқанын жазды.

2048909
Ердоғанның мәлімдемелері әлем баспасөзінде жаңғырық жаратты

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты мәлімдемелері әлем баспасөзінде кеңінен орын алды.

Ердоғанның үндеуін оқырмандарына жеткізген газеттер Түркияның бейбітшілік үшін қадам басқанын жазды.

Америка Құрама Штаттарында шығатын «Wall Street Journal» газеті «Ердоған Түркияның әлеуетті тұтқындарды ауыстыру бойынша келіссөздерге көмектесуге дайын екенін айтты» деген тақырып қолданды.

Неміс «Tagesschau» газеті хабарын «Түркия Израильдегі соғыста арағайындық рөл атқаруға дайын» атты тақырыбымен берді. Хабарда «Ердоған Израильді Палестина аймақтарын бомбалауды доғаруға, ал палестиналықтарды Израильдің бейбіт қоныстарына шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды» деген сөздерге орын берілді. Газет Ердоғанның «Тәуелсіз Палестина мемлекеті болмайынша аймақта бейбітшілік болмайды» деген сөзін жариялады.

Грекияның «Kathimerini» газеті болса,  «Ердоған Израиль мен Хамасты теңдестіруге тырысуда» деген тақырып қолданды.  Хабарда Ердоған «Израиль күштері мен қоныстанушылардың Газа халқына жасаған шабуылдарына, өлім жазасына кесулеріне және қысым көрсетулеріне қарсы тұрамыз. Сондай-ақ Израиль азаматтарына қарсы шабуылдарға да қарсымыз» деген сөздеріне орын берді.

«Al Monitor» газеті де хабарын оқырмандарына  «Израиль-Хамас соғысы күшейген сайын Түркия байсалды ұстаным көрсетуде» деген тақырыппен жеткізді.

Жапонияда шығатын  «NHK» телеарнасы «Ердоған Түркияның Хамас-Израиль қақтығысында арағайындыққа дайын екенін айтты» деді.

«Times of Israel» газеті де «Ердоған Израиль президенті Ицхак Герцогқа Газаға ұжымдық жаза қолданбау керектігін айтты» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар