Хакан Фидан мен Энтони Блинкен телефон арқылы сөйлесті

Хакан Фидан АҚШ-тың террор ұйымы YPG-мен жұмысты тоқтатуы керек екенін баса айтты.

2047507
Хакан Фидан мен Энтони Блинкен телефон арқылы сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ-тың террор ұйымы YPG-мен жұмысты тоқтатуы керек екенін баса айтты.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Фидан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлесті.

Министр Фидан телефондағы әңгімеде АҚШ-тың одақтас ретінде Сирияның солтүстігінде террор ұйымы YPG-мен жұмысты тоқтатуы керектігін айтты. Түркияның Ирак пен Сириядағы лаңкестікпен күрес операцияларының табанды түрде жалғасатынын білдірді.

Әңгіме  барысында екі министрдің НАТО-ны кеңейту мәселесін де талқылағаны айтылды.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі телефондағы әңгімеге  байланысты жазбаша мәлімдемесінде Блинкеннің АҚШ пен Түркияның террормен күресте мақсатының бірдей екенін айтқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар