АҚШ лауазым иесі YPG туралы пікір айтудан бас тартты
Ведант Пател террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG-мен байланысы туралы пікір айтудан бас тартты.
Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаменті террор ұйымы PKK-ға қарсы күресте НАТО одақтасы Түркияның жанында екенін білдерсе де, бөлшектеуші ұйымның Сириядағы тармағы YPG туралы көзқарас айтудан бас тартты.
АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары Ведант Пател баспасөз мәслихатында журналисттердің «Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жексенбі күні ел астанасы Анкарада лаңкестік шабуыл жасамақ болған екі PKK/YPG террористінің Сириядан келгенін айтты. Сондай-ақ Ирак пен Сириядағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG нысандарының заңды нысана екенін білдірді. Сіз бұған не дейсіз?» деген сұраққа жауап берді.
Пател бұл сұраққа «PKK-ға қарсы күресте АҚШ НАТО-дағы одақтасымыз Түркия және түрік халқының жанында » деп жауап берді.
Пател террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG-мен байланысы туралы пікір айтудан бас тартты. «YPG Түркияға қауіп төндіре ме?» деген сұраққа жауап бермеді.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 1 қазан күні Анкарада лаңкестік шабуыл жасаған екі террористтің Сириядан келгенін мәлімдеп, «Ұлттық барлау ұйымымыз және қауіпсіздік күштеріміз жүргізген жұмыстардың нәтижесінде екі террористтің Сириядан келгені және сол жерде (Сирияда) дайындықтан өткені анықталды» деген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.