Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрінің өкілімен сөйлесті

Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрінің өкілі  Али Багери Кенимен телефон арқылы сөйлесті.

2142102
Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрінің өкілімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иран Сыртқы істер министрінің өкілі  Али Багери Кенимен телефон арқылы сөйлесті.

Дипломатиялық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, әңгімеде министр Фидан Иран президенті Ибрагим Реиси мен Сыртқы істер министрі Хүсейн Эмир Абдуллахиянның қайтыс болуына қатты қайғырғанын айтып, дос және бауырлас Иран халқына көңіл айтты.

Президент Реиси алдыңғы күні Сыртқы істер министрі Хүсейн Эмир Абдуллахиян және кейбір лауазымды тұлғалармен бірге Иран-Әзербайжан шекарасындағы бөгеттің ашылу рәсімінен қайтып келе жатқанда тікұшақ апатынан қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар