Швеция Түркияның шешімін күтіп отыр

Ульф Кристерссон Түркияның Швецияның НАТО мүшелігіне шешімі жайлы мәлімдеме жасады.

2045949
Швеция Түркияның шешімін күтіп отыр

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон елінің НАТО-ға мүшелік өтінішінің осы айда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде мақұлданатынын анық айта алмайтынын мәлімдеді.

Елінің НАТО өтініші туралы Швеция баспасөзіне мәлімдеме жасаған Кристерссон Түркияның Швецияның НАТО мүшелігіне шешім қабылдайтынын білдірді.

Кристерссон «НАТО мүшелігіміз қазан айында бекітіледі деп уәде бере алмаймын. Бұл шешім Түркияға тиесілі, Түркия өз шешімін береді» деді.

Кристерссон «Швецияның НАТО-ға мүшелігі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ашылғаннан кейін бекітіледі деп түсіндіруде. Енді Мәжіліс ашылды. Менің ойымша, Швецияның НАТО-ға мүшелігі бекітілетін уақыт келді» деді.



Ұқсас жаңалықтар