Нуман Куртулмуш Джоэлл Гаррио-Майламмен кездесті

Куртулмуш кездесуде Түркияның НАТО және Еуропа үшін маңыздылығына тоқталды.

2043676
Нуман Куртулмуш Джоэлл Гаррио-Майламмен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш Еуропа Парламенті төрағалағы жиналысы үшін Ирландияның астанасы Дублинге барды. Куртулмуш бұл жерде  НАТО Парламент Ассамблеясы төрағасы Джоэлл Гаррио-Майламмен кездесті.

Дублин Конгресс орталығында өткен кездесуде Швецияның НАТО-ға мүшелігі, Ресей-Украина соғысы, лаңкестікпен күрес және Батыстағы исламофобиялық әрекеттер талқыланды.

Кездесуде Түркияның НАТО және Еуропа үшін маңыздылығына тоқталған Куртулмуш НАТО-мен 71 жыл бойы қарым-қатынаста болған Түркияның осы кезеңде өз міндеттерін тиянақты орындағанын білдірді.

Куртулмуш Ресей-Украина соғысында Түркияның Украинаның аумақтық тұтастығын қорғағанын және бұл дағдарыста әрі Ресеймен, әрі Украинамен де сөйлесе алатын ел ретінде көзге түскенін білдірді.  Куртулмуш осының нәтижесінде тұтқын алмасудың жүзеге асқанын және астық дәлізін ашу арқылы әлемде болуы мүмкін дағдарыстың алдын алғанын түсіндірді.

Түркияның ешбір елдің НАТО-ға кіруіне үзілді-кесілді қарсы емес екенін баяндаған Куртулмуш Мадридтегі НАТО саммитінде қол қойылған Финляндия-Түркия-Швеция арасындағы үш жақты келісім мен Вильнюстегі НАТО саммиті аясында Швецияның берген уәделерінің орындалуы керектігін баса айтты.

Куртулмуш Швецияның да болған кейбір елдерде Ислам дінінің қаситте құндылықтары мен Құран Кәрімге қарсы  полицияның қорғауында жасалған шабуылдың қабылдауға болмайтын бір жағдай екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар