Хакан Фиданның Нью-Йорктегі кездесулері жалғасуда

Хакан Фидан Түркевинде Панама Сыртқы істер министрі Жанайна Тевани Менкомомен кездесті.

2040916
Хакан Фиданның Нью-Йорктегі кездесулері жалғасуда

Хакан Фидан Нью-Йоркте өткен «Ислам Ынтымақтастық Ұйымы министрлер деңгейіндегі жыл сайынғы үйлестіру жиналысына» қатысты.

Фидан Нью-Йоркте «БҰҰ Өркениеттер альянсы достар тобының Сыртқы істер министрлері жиналысында» да сөз сөйледі.

Министрліктің мәлімдемесіне қарағанда Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Латвия Сыртқы істер министрі Артурс Каринс, Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Алейник, Бахрейн Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид эз-Зейяни, Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес, Никарагуа Сыртқы істер министрі Денис Монкада Колиндрес және БҰҰ Өркениеттер альянсы Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті.

Фидан Түркевинде Панама Сыртқы істер министрі Жанайна Тевани Менкомомен де бас қосты.

Кездесуден кейін екі ел арасында «Саяси консультациялар механизмін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар