Ердоған көшбасшыларға кітап сыйлады

Ердоған көшбасшыларға «Бір географияда бейбітшілікте әртүрлі сенім, ортақ түсінік» және «БҰҰ реформасы» атты кітаптар сыйлады.

2039932
Ердоған көшбасшыларға кітап сыйлады

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 78-ші Бас ассамблеясында көшбасшыларға Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы дайындаған «Бір географияда бейбітшілікте әртүрлі сенім, ортақ түсінік» және «БҰҰ реформасы» атты кітаптарды табыс етті.

Президенттік коммуникациялар басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған лидерлерге Түркиядағы әртүрлі діндер мен сенім топтары үшін соңғы 21 жылда демократияландыру қадамдары, жан-жақты реформалар және құқықтық реттеулерді қамтитын «Бір географияда бейбітшілікте әртүрлі сенім, ортақ түсіністік» және «БҰҰ реформасы: халықаралық ынтымақтастыққа жаңа көзқарас» атты  кітаптарды сыйға тартты.

Өткен жылғы БҰҰ Бас ассамблеясы үшін дайындалған және Түркияның БҰҰ реформасына қатысты тезистерін ұсынған «БҰҰ реформасы: халықаралық ынтымақтастыққа жаңа көзқарас» атты кітабы: «БҰҰ неге реформалануы керек?», «Халықаралық бейбітшілік саласында Біріккен Ұлттар Ұйымының маңыздылығы, Бейбітшілік күш және адам баласының мәселері», «БҰҰ реформасының себептері мен ұсыныстары» деген үш бөлімннен тұрады.

Президенттік коммуникациялар басқармасы тарапынан биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы үшін дайындалған және  президент Ердоған кіріспе жазған «Бір географияда бейбітшілікте әртүрлі сенімдер, ортақ түсінік» атты кітабында «Түрлі тіл және диалектілердің қолданудағы кедергілерді жою», «Қоғамдық қорлардың мүлікке ие болуын жеңілдету», «Білім беру жүйесіндегі демократиялық және плюралистік құрылымға қол жеткізу», «Әртүрлі діндер мен сенім топтарының мәдени құқықтарын кеңейту», « Әртүрлі діндер мен наным топтарының бостандықтарын кеңейту» тақырыптары орын алуда.

Кітапта президент Ердоғанның әртүрлі дін және наным топтарының өкілдерімен өткізген тарихи кездесулері мен осы салада жүргізілген зерттеулердің хронологиясы да қамтылған.

Түрік және ағылшын тілдерінде дайындалған кітапта президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен әр салада жасалған демократиялық жүйенің жақсартылуы қадамдарының тіл, дін, нәсілге қарамастан қоғамның барлық топтарына жеткені баса айтылған.



Ұқсас жаңалықтар