Ердоған Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропа экономикалық дәлізіне тоқталды

Президент Ердоған G20 көшбасшылар  саммитінен  елге оралғанда ұшақта күн тәртіпке қатысты мәлімдеме жасады.

2035843
Ердоған Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропа экономикалық дәлізіне тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропа экономикалық дәлізіне қатысты «Түркиясыз бір дәліз мүмкін емес. Шығыстан батысқа Түркия арқылы өтуі көлік қозғалысының  ең қолайлы жол болып табылады» деді.

Президент Ердоған G20 көшбасшылар  саммитінен  елге оралғанда ұшақта күн тәртіпке қатысты мәлімдеме жасады.

Ердоған алдағы кезеңде Түркияда құрылатын физикалық табиғи газ базасы сияқты нақты қадамдармен жаһандық табиғи газ бағасының Түркияда анықталатынын айтты.

17-21 қыркүйекте Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласында өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының 78-ші Бас Ассамблеясына қатысу үшін осы елге баратын Ердоған АҚШ-қа сапары кезінде Түркияда инвестициясы бар көптеген брендпен кездесетіндерін баяндады.

Ердоған «Орталығы Вашингтонда болған қаржы институты Адана Джейхандағы мұнай-химия нысанына 550 миллион доллар қаржы бөлді. Бұл қаржыландырудың инвестицияланғаны өте маңызды» деп көрсетті.

Орта мерзімді бағдарламаның әсерімен бірге нарықтарға басқа бір жандылық келгенін білдірген Президент Түркияға несие ағынының басталатынын және халықаралық несие рейтинг агенттіктерінің Түркияның несие рейтингін көтеруіне тура келетінін түсіндірді.

Азық-түлік дағдарысының алдын алуға тырысатын жалғыз ел Түркия екенін баяндаған  Ердоған «Біз (Ресей президенті Владимир) Путиннің 1 миллион тонна астық ұсынысын көтердік. Путиннен оның көлемін арттыруды сұраймыз. Батыс та өз міндеттерін орындауы керек» деді.

Ердоған «Біз әлемді жаңа азық-түлікке, энергияға немесе басқа дағдарысқа ұшыратпау және адам қанының төгілуіне жол бермеу үшін тұрақтандырушы күш ретінде әр үстелде боламыз» деп көрсетті.

        



Ұқсас жаңалықтар