Ердоған мен Путиннің Сочидегі кездесуі өте маңызды

Президент Ердоған Министрлер кабинеті отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

2033571
Ердоған мен Путиннің Сочидегі кездесуі өте маңызды

Президент Режеп Тайып Ердоған «Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесудің маңыздылығын бүкіл әлем жоғары бағалайды деп ойлаймын» деді.

Президент Ердоған ел астанасы Анкарадағы Президенттік кешендегі Министрлер кабинеті отырысынан кейін халыққа үндеу жасады.

Ердоған алдыңғы күні Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен жан-жақты және нәтижелі кездесу өткізгендерін білдірді.

Ердоған «Ресей-Украина соғысы жалғасып жатқан және Астық дәлізі қатарлы көптеген гуманитарлық тақырып талқыланып жатқан кезде бұл кездесудің маңыздылығын бүкіл әлем бағалайды деп ойлаймын » деді.

Ердоған Ирак пен Сириядағы оқиғаларға қатысты: «Аймақтағы актерлер де, аймақтан тыс актерлер де мынадай тарихи шындықты қабылдауы керек. Ирак пен Сирияны қамтитын 1000 және 1500 жылдық демографиялық шындықтарды ескермейтін кез келген ел экономика үшін аймақта табысқа жетуі мүмкін емес» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар