Президент Ердоған кеше Венгрияға барды

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

2026996
Президент Ердоған кеше Венгрияға барды

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның шақыруымен Венгрияның астанасы Будапештке барды. Будапештте Ердоған мен Орбан кездесті. Кездесуде Түркия-Венгрия қарым-қатынастары, Түркияның Еуропа Одағына толық мүшелік процесі, аймақтық және жаһандық оқиғалар талқыланды.

Ердоған сапар аясында Будапештте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев және онымен бірге келген делегациямен де кездесті.

Кездесуде аймақтық және жаһандық оқиғалармен қатар Түркия мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастар қолға алынды.

Режеп Тайып Ердоған одан кейін Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесті.

Кездесуде Түркия-Сербия қарым-қатынастары мен аймақтық мәселелер талқыланды.

Сербияны Балқандағы бейбітшілік пен тұрақтылық тұрғысынан шешуші ел ретінде қарастырғанын білдірген Президент Ердоған Түркия-Сербия қарым-қатынастарының тарихындағы ең жоғарғы шыңға жеткенін білдірді.

Осы кездесулерден кейін Будапешттегі 2023 жылғы жеңіл атлетикадан ерлер арасындағы әлем чемпионатының финалын тамашалаған Президент Ердоған стадионда Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Катар әмірі Шейх Тамим бин Хамед Әл Санимен әңгімелесті.

Ердоған Будапештте Венгрия Президенті Каталин Новакпен де кездесті.

Президент Ердоған Венгрияның құрылған күнімен құттықтаған кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастар, аймақтық және жаһандық мәселелер қолға алынды.

Сапар барасында Ердоған Босния және Герцеговина Президенттік кеңес мүшесі Зеля Цвиянович пен Серб Республикасы Президенті Милорад Додикті қабылдады.

Кездесуде Түркия мен Босния-Герцеговина арасындағы екіжақты қарым-қатынастар және қазіргі ынтымақтастықты тереңдету үшін жасалуы мүмкін қадамдар қарастырылды.

Президент Будапешттегі кездесулерінен кейін Түркияға оралды.

Ердоған Венгрияға сапарына байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында «Бүгін біз стратегиялық серіктесіміз және НАТО-дағы одақтасымыз Венгрияның құрылған күніне және жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының іс-шараларына орай Будапештте болдық. Сапар барысында біз Венгрияның президенті, премьер-министрі және  басқа мемлекет және үкімет басшыларымен кездестік» деді.

Ердоған Венгриямен тамыры терең және берік достық байланыстарға негізделген кең ауқымды қарым-қатынастары бар екенін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар