Түркиядан АҚШ-қа наразылық

ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдемеде жасады.

2026760
Түркиядан АҚШ-қа наразылық

Түркия Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Кипр Понти әкімшілігіне (КПӘ) жасалған қару эмбаргосын жою туралы қабылдаған шешімін тағы бір жылға ұзартуын айыптады.

ТР Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Сыртқы істер министрлігінің бұл мәселеге қатысты әділ наразылығын толық қолдаймыз.

АҚШ-тың соңғы кезеңде Кипр понтилермен аймақты тұрақсыздандыратын түрлі қадамдарын, бұл елдің көптеген жылдар бойы Кипр аралындағы бейтарап тұғырына нұқсан келтіргенін және Кипр мәселесіне әділ, тұрақты және жалғастыра аларлық шешім табылуына тосқауыл екенін, СКТР-мен бірге талай рет тілге тиек еткенімізді еске салғымыз келеді.

АҚШ-ты аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіретін осы саясаттарды қайта қарауға шақырамыз.

Түркия кепілгер мемлекет ретінде тарихи және құқықтық жауапкершіліктері аясында Кипр түріктерінің өмір сүру құқығы, қауіпсіздігі мен тыныштығын әрдайым қамтамасыз етуді жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар