Блинкен «Астық дәлізі келісімінде Түркия үлкен рөл атқарады» деді

Блинкен астық бастамасындағы рөліне қатысты «Түркия бастаманы бастан-аяқ жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды» деді.

2014638
Блинкен «Астық дәлізі келісімінде Түркия үлкен рөл атқарады» деді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Түркияның Қаратеңіз астық дәлізі келісіміне қатысты «қайтадан көшбасшылық рөл алуын» күткендерін айтты.

Блинкен Колорадо қаласында өтіп жатқан Аспен қауіпсіздік форумында Түркияның Қаратеңіз астық бастамасындағы рөліне қатысты «Түркия бастаманы бастан-аяқ жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды, бірінші кезекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерришпен тығыз жұмыс істеді» деді.

Блинкен «Сондықтан біз Түркияның бұл жолды қалпына келтіруде көшбасшылық рөл атқаруын күтеміз, осылайша әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар өздеріне қажет азық-түлікті бұрынғыдай қолжетімді бағамен ала алады» деп көрсетті.

Ресейдің астық бастамасынан бас тартқан кезеңде Түркияның бұл бастаманы жалғастыру жолындағы күресіне тоқталған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресейді астық келісіміне қайтару үшін Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескенін де атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар