Президент Ердоған елге оралды

Ол ұшақта күн тәртібіндегі маңызды тақырыптарға байланысты мәлімдеме жасады.

2014452
Президент Ердоған елге оралды

Президент Режеп Тайып Ердоған Қаратеңіз астық бастамасының жалғасатынына сенетінін айтты.

Президент Ердоған Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерін қамтыған шығанақ туры, артынан Солтүстік Кипр Түрік Республикасы сапарынан кейін ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ердоған Қаратеңіз астық дәлізінің аяқталуының жаһандық азық-түлік бағасының артуына,  кейбір аймақтарда тапшылық пен жаңа көш толқындарына дейін баратын салдары болатынын айтты. Осының алдын алу үшін Түркияның инициативаны өз қолына алудан бас тартпайтынын білдірді.  «Ресей президенті Путинмен жан-жақты сөйлесіп,  осы гуманитарлық бастаманың жалғасуы үшін талпынамыз.  Оның да батыс елдерінен күтетіні бар. Сондықтан батыс елдерінің де қозғалысқа өтуі керек» деді ол.

Дипломатияның барлық құралдарын қолданатындарын білдірген президент «Алдымен телефон дипломатиясы, тамызда сапары барысында Путинмен бетпе-бет сөйлесемін» деді.

Шығанақ елдерімен қатынастарға байланысты Ердоған «Ынтымақтастығымыз алдымыздағы кезеңде нақты жобалармен нығайып жетіледі.  Экономикаға жақсы әсерін қысқа уақытта көреміз. Шығанаққа сапарымыз барысында Республика тарихындағы ең ірі қорғаныс және авиация экспорты келісімдеріне қол қойылды» деді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы сапарында Түркияның Кипр мәселесінің шешілуіне байланысты ұстанымы және ұсыныстарын әлемге паш еткендерін айтқан президент «Кипр түрік халқының қауіпсіздік, молшылық және тыныштығы үшін, аралдың түбегейлі бейбітшілігі үшін ынтамызды жалғастырамыз» деді.

Келесі аптада Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Түркияға келетінін білдірген Ердоған Израиль газының Түркия арқылы Еуропаға жеткізілуі тақырыбында да «Израиль премьер-министрі Нетаньяхумен бірінші рет кездесемін. Бұл оқиға Түркия-Израиль қатынастарында жақсырақ кезеңнің бастауы болсын деп тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар