Палудан үшін ордер берілді

Ол Құран өртеген болатын.

2013849
Палудан үшін ордер берілді

Анкарада қылмыстық сот Швециядағы Түркия елшілігінің алдында Құран кітап өртеген Данияның әсіре оңшыл «Stram Kurs» партиясының жетекшісі Расмус Палуданды ұстау  туралы шешім шығарды.

21 қаңтар күні Швецияның астанасы Стокгольмдегі елшілік алдында Құран өртеген Палуданға байланысты «қоғамның бір бөлігі қабылдаған діни құндылықтарды ашық түрде қорлады» деген айыппен Анкара Бас прокуратурасы ашқан тергеу жалғасуда.

Тергеу аясында Бас прокуратура Анкара сотынан Палуданға қатысты «түсініктеме үшін ұстауды» талап етті.

Сот  Расмус Палуданды ұстауға ордер берді.



Ұқсас жаңалықтар