Шетелде «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» іс-шаралары өтті

Шетелдегі өкілеттіктерде «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» еске алу бағдарламалары өтті.

2011611
Шетелде «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» іс-шаралары өтті

«15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күніне» орай шетелдегі елшіліктер мен консулдықтарда еске алу бағдарламалары өтті.

АҚШ-та Нью-Йорк Бас консулдығы ұйымдастырған бағдарламаға Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Седат Өнал, Түркияның Нью-Йорк бас консулы Рейхан Өзгүр, жергілікті және шетелдік дипломатиялық миссия қызметкерлері, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатысты.

Бағдарлама алдында 15 шілде күні қаза тапқан шейіттердің есімдері жазған және фотосуреттері баспаланған үлкен ту «Түрікеви» Мәдениет Орталығының 16-шы қабатында балконға ілінді.

Түркияның Перудегі елшілігі орналасқан Лимада өткен іс-шараға елші Серра Калели, түрік мекемелерінің өкілдері және осы елде тұратын түрік азаматтары қатысты.

Сан-Паулудағы Түркияның Бразилия Бас консулдығында өткен шарада «Түрік ғасыры» батырларына құрмет және ризашылық сезімдерімен тағзым етілді.

Түркияның Эквадордағы елшісі Макбуле Башак Ялчынның ұйымдастыруымен «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күнін» еске алу рәсімі елде тұратын түрік азаматтары және мұсылман қоғамы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Түркияның Колумбиядағы елшілігіндегі іс-шарада болса отаны үшін жанын пида қылған шейіттерді еске алу рәсімі болды. 15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні мереке іс-шараларына түрік мекеме өкілдері мен азаматтар қатысты.

Түркияның Венесуэладағы елшілігінің ұйымдастыруымен 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күнін еске алу шарасы  Каракаста елші Айдан Караманоглуның қатысуымен жүзеге асты.

Түркияның Аргентинадағы елшісі Сүлейман Өмүр Будактың қатысуымен Буэнос-Айресте ұйымдастырылған «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» мерекесіне орай елшілік ғимаратында шейіттер мен ардагерлерді еске алу үшін салтанатты шара өтті.

Жапония Дін істері басқармасына қарасты Токио мешіті комплексіндегі «Ертұғрул» залында өткен еске алу бағдарламасына түрік және азаматтық қоғам өкілдеріне қоса шетелдік қонақтар қатысты.

Фотокөрме ашылған шарада қонақтар Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы тарапынан дайындалған «15 шілде Демократия және ұлттық бірлік күні» тақырыпты деректі фильм тамашаланды.



Ұқсас жаңалықтар