Сирия гуманитарлық көмектің тасымалдануына рұқсат берді

БҰҰ мұны растады.

2011294
Сирия гуманитарлық көмектің тасымалдануына рұқсат берді

Сирия әкімшілігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне  хат жолдап, 6 ай бойы Чилвегөзү (Түркия) шекара қақпасынан гуманитарлық көмектің тасымалдануына рұқсат беретіндерін білдірді.

БҰҰ ресми өкілі Стефан Дюжаррик жазбаша мәлімдемесінде «Мен хатты алғанымызды және жұмыс істей бастағанымызды растай аламын» деді.

Хатта Сирия әкімшілігінің барша сириялықтың тұрмыс шарттары мен елдегі гуманитарлық жағдайды жақсартуды және тұрақтылықты қамтамасыз етуді мақсат еткені атап көрсетілді.

Хатта Сирия әкімшілігінің гуманитарлық көмекті тасымалдауды жеңілдетуге көмектесетіні де орын алды.  «Сирия Араб Республикасы БҰҰ мен оның серіктестеріне Сирия үкіметімен толық ынтымақтастықта елдің солтүстік-батысындағы мұқтаж адамдарға гуманитарлық көмекті Бабулхава шекарасынан бүгіннен (13 шілде 2023ж.) бастап 6 ай бойы тасымалдауға рұқсат береді» деп айтылды..

Көмекті Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен Сирия Қызыл Жарты Ай қоғамы бірігіп тарататыны да айтылған.

БҰҰ-да 10 қаңтарда қабылданған соңғы шешіммен көмек механизмінің өкілеттігі 10 шілдеге дейін ғана созылған еді.



Ұқсас жаңалықтар