Президент Ердоған басшылармен кездесуде

Кездесуге екі елдің делегациялары да қатысты.

2010321
Президент Ердоған басшылармен кездесуде

Президент Режеп Тайып Ердоған Литваның астанасы Вильнюсте өтіп жатқан НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммиті аясында Испания премьер-министрі Педро Санчес, Голландия премьер-министрі Марк Рютте және Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакиспен кездесті.

Президент Ердоғанның «LITEXPO» көрме және жәрмеңке орталығындағы кездесулері саммиттің екінші күнінде де жалғасуда.

Делегациялар да қатысқан кездесуде Ердоғанға Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық барлау ұйымы басшысы Ибрахим Калын, Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун, Президенттің бас кеңесшісі, елші Акиф Чагатай Кылыч серік болды.



Ұқсас жаңалықтар