Хакан Фидан Швецияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Фидан «НАТО-ға кіруге ниет білдірген елдер терроризммен күресте берік ұстанымда болуы керек» деді.

2008148
Хакан Фидан Швецияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Егер PKK, FETÖ  сияқты террор ұйымдары мен оларға қарасты құрылымдар Швеция көшелерінде шерулерін жалғастыратын болса, қаржылық ресурстарға қол жеткізе алатын болса, онда заңнаманы өзгертудің еш мәні жоқ» деді.

Министр Фидан Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде кеше ұйымдастырылған Түркия-Финляндия-Швеция тұрақты ортақ механизм жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Фидан жиналыста Финляндия мен Швецияның Мадридтегі НАТО саммитінде қол қойылған үшжақты меморандум негізінде әсіресе терроризммен күресуде жасаған қадамдарының қарастырылғанын білдірді.

Хакан Фидан «НАТО-ға кіруге ниет білдірген елдер терроризммен күресте берік ұстанымда болуы керек» деп көрсетті.

«Швеция заңнамалық өзгерістерге қатысты қадамдар басты. Бірақ заңнамалық өзгерістер іс жүзінде көрініс табуы керек» деген Фидан үштік меморандум талаптарын бұлжытпай орындау керектігін баса айтты.

Сыртқы істер министрі Фидан  НАТО мүшелігі үшін болашақ одақтастардың Түркияға әскери тауарлар экспортына салынған санкциялар мен шектеулерді тоқтатуы керектігін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар