БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Седат Өнал мәлімдеме жасады

Седат Өнал «PKK/YPG ұлттық қауіпсіздік мүдделерімізге қауіп төндіруде» деді.

2005405
БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Седат Өнал мәлімдеме жасады

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы Тұрақты өкілі Елші Седат Өнал Түркияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің қауіп-қатерін жою, азаматтары мен шекарасын қорғау үшін барлық қажетті қадамдарды жасауға бел байлағанын айтты.

Елші Өнал Сириядағы саяси оқиғалар мен гуманитарлық жағдай талқыланған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөз сөйледі.

Өткен аптада  Қазақстан елордасы Астанада өткен Сирия келіссөздерінің Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық бірлігін сақтау қажеттігін атап өткенін еске салған Өнал терроризмнің барлық түрімен күресудің маңыздылығына тоқталды.

Өнал «Террор ұйымы PKK/YPG Сирияда елдің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығына ғана емес, сонымен бірге біздің ұлттық қауіпсіздік мүдделерімізге де қауіп төндіруде» деді.



Ұқсас жаңалықтар