Ердоған Шольцпен телефонда сөйлесті

Ердоған мен Шольцтың Ресейдегі соңғы оқиғаларды талқылан телефондағы әңгімесінде Швецияның НАТО-ға мүшелік мәселесі де күн тәртіпке келді.

2005018
Ердоған Шольцпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникациялар басқармасының мәлімдемесіне қарағанда телефондағы әңгімеде екіжақты қарым-қатынастар, сонымен қатар аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланып, осы салалардағы ынтымақтастықты арттыру қажеттігі атап өтілді.

Ресейдегі соңғы оқиғалар талқыланған телефондағы кеңесте Швецияның НАТО-ға мүшелік мәселесі де күн тәртіпке келді.

Президент Ердоған Швеция терроризммен күрес заңнамасына енгізілген өзгертулерді қамтыған дұрыс бағытта қадамдар басқанына қарамай, әсіресе  Швециядағы бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG жақтастары терроризмді мадақтайтын шерулерді еркін түрде ұйымдастырып, террор ұйымдарына адам жалдап, қаржылай көмек көрсетуді жалғастырғанын, бұл жағдайлар Түркиятұрғысынан мұлде қабылданбайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар