Президент Ердоған Путинге қолдау көрсетті

Президент Ердоған Путинді толық қолдайтынын білдірді.

2003969
Президент Ердоған Путинге қолдау көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Президенті Владимир Путинге қолдау білдірді.

Ресей Президенттік сарайы Кремльдің жазбаша мәлімдемесінде Ердоғанның Путинмен телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

Әңгімеде Путин Президент Ердоғанға «Вагнер» тобының Ресей әкімшілігіне қарсы қарулы көтеріліс жасау әрекетіне байланысты еліндегі жағдай туралы ақпарат берді.

Ердоған да Путинді толық қолдайтынын білдірді.

Путин Президент Ердоғанмен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және  Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев телефон арқылы жеке-жеке сөйлесіп, еліндегі жағдай туралы хабардар етті.



Ұқсас жаңалықтар