Ердоған Коджаелинде ауызашарға қатысты

Президент кеше құрылысы басталған үйлердің санын 100 мыңға жеткізгендерін білдірді.

1975472
Ердоған Коджаелинде ауызашарға қатысты
erdogan kocaeli iftar.jpg
erdogan kocaeli iftar.jpg
erdogan kocaeli iftar.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісі болған қалаларда үйлердің іргетасын тезірек қалап, кеше құрылысы басталған үй санының 100 мыңға жеткізілгенін білдірді.

Коджаели конгресс орталығында жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтармен ауызашқан президент Ердоған Рамазады құттықтап, ауызашарға келгендермен көңіл байланысының одан да күшейгенін атап көрсетті.

Биылғы Рамазан айының әсіресе жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды мұқият түсінуге мүмкіндік екенін айтқан Ердоған «Жер сілкінісінен қорғайтын баспанамыздың іргетасын жылдам қалап жатырмыз. Құрылысы басталған тұрғын үйлер мен ауылдағы баспаналар саны кешегі мәлімет бойынша 100 мыңға жетті. Айт кезінде де жер сілкінісінен зардап шеккендерді жалғыз қалдырмаймыз. Құрылысы аяқталған ауыл үйлерін тапсырамыз. Апат кезінде үйлері қирап, туған-туыстарынан айырылып, қалыпты тәртібі бұзылған азаматтарымыз осы жұмыстарды көргенде өмірлерін қайта бастағанда көңілді болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар