Ердоған ел үшін еңбектеніп жатқандарын айтты

Президент Ердоған "Соңғы бірнеше аптада көптеген жұмыс пен реформа жасадық және инвестиция салдық" деді.

1972157
Ердоған ел үшін еңбектеніп жатқандарын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында «Соңғы бірнеше аптада көптеген жұмыс пен реформа жасадық және инвестиция салдық. Мемлекет үшін тоқтаусыз еңбек істеп жатырмыз» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған былай деді: «(Стамбул) Багжылар ауданында құны 3 миллиард 412 миллион лира болатын 97 жобаны іске қостық. Ұлттық жойғыш ұшағы мен  "Хүржетті" ангардан шығардық. (Стамбулда) Башакшехир Чам мен Сакура қалалық ауруханасының Каяшехир метро желісін аштық. Ұшқышсыз жойғыш ұшағы «Kızılelma»-ның биіктік сынақтарын жасадық. Ең төменгі зейнетақыны 7 мың 500-ге, мерекелік сыйлықты 2 мың лираға көтердік. Жергілікті автомобиль "TОGG-ты" өндірдік. Ирак премьер-министрімен бірге Түркияны Парсы шығанағы аймағына қосатын Даму жолы келісіміне  қол қойдық. Жер сілкіністері болған аймақтарды араладық. Осы уақытқа дейін 78 мың тұрғын үй мен ауыл үйінің құрылысын бастадық».



Ұқсас жаңалықтар