Ердоған Стамбулда метро желісін ашты

Президент Cтамбулдың теміржолы желісінің 324 жарым шақырымға жеткенiн білдірді.

1971870
Ердоған Стамбулда метро желісін ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған Cтамбулдың теміржолы желісінің 324 жарым шақырымға жеткенін атап көрсетті.

Президент Ердоған Стамбулда «Башакшехир-Чам» және «Сакура» қалалық ауруханасы – «Каяшехир» метро желісін ашты.

Ердоған ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ұзындығы 6,2 шақырымдық метро желісімен қала орталығы және «Чам» мен «Сакура» қалалық ауруханасы арасында жолаушы тасымалының одан жылдам, экономикалық және қауіпсіз болатынын айтты.

Стамбулдың темiр жолы жүйесінің 324 жарым шақырымға ұласқанын атап көрсеткен Ердоған құрылысы жалғасып жатқан жобалар аяқталған кезде бұл көрсеткіштің 380 шақырымнан асатынын мәлiмдедi.



Ұқсас жаңалықтар