НАТО адмиралы Түркияға келді

Ол НАТО және АҚШ көмегінің жеткізілуіне байланысты дайындықтарды тексереді.

1951012
НАТО адмиралы Түркияға келді

НАТО-ның Неапольдегі Біріккен күштер қолбасшысы адмирал Стюарт Мюнш Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарды аралап, көмек көрсету жұмыстарын көру үшін Аданадағы Инжирлик әуе базасына келді.

Бұл туралы қолбасшылық Twitter-де мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде  «Адмирал Мюнштың НАТО және Америка Құрама Штаттары (АҚШ) командаларымен көмек көрсету әрекеттерін бақылау және бағалау үшін Инжирликке сапары басталды. Алдымен НАТО мен АҚШ Түркияға жіберген шатырлар мен көмек материалдарын тасымалдау ісіне назар аударылды» деп айтылды.

Адмирал  Мюнш жер сілкінісінен зардап шеккен Хатайдың Искендерун ауданына барады және НАТО-ның Түркияға жіберілетін алғашқы жөнелтілімінің алаңдағы дайындықтарын тексереді.



Ұқсас жаңалықтар