Чавушоғлу Ливан Сыртқы істер министрімен кездесті

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу «102 ел көмек беруді ұсынды. 90 елден іздеу-құтқару және медициналық топтар келді» деді.

1950984
Чавушоғлу Ливан Сыртқы істер министрімен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 6 ақпанда «ғасырдың апаты» деп сипатталған және 11 аймақты  қамтыған эпицентрі Кахраманмараш болған  жер сілкіністерінен кейін шетелден үлкен қолдау алғандарын білдірді.

Чавушоғлу Ливан Сыртқы істер және иммиграция министрі Абдаллах Бухабиб және Қоғамдық істер және қатынас министрі Али Хамийемен кездесуінен кейін бас қала Анкарада ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Жер сілкінісінің алғашқы күндерінен бастап барлық мекемелердің жер сілкініс жерінде  болғанын және халықаралық іздеу-құтқару топтарының Түркияға келуі үшін қажетті координацияны жасағандарын түсіндірген Чавушоғлу «102 ел көмек беруді ұсынды. 90 елден іздеу-құтқару және медициналық топтар келді. Далалық ауруханалар құрылып, бізге үлкен қолдау көрсетілді. Біз тағы да бүкіл халықаралық қауымдастыққа алғыс айтамыз» деп көрсетті.

Чавушоғлу шетелден келген шатырлар санының 93 мың 637-ге жеткенін және контейнер жұмысының жалғасып жатқанын түсіндірді.

Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) шұғыл шақыру механизмін іске қосқанын еске салып, «Біз мұнда әртүрлі елдерден, әсіресе БҰҰ-нан келген адамдардың үлес қосқанын көрудеміз» деген сөздер қолданды.

Ливан министрі Бухабиб болса «Біздің (Түркиямен) бауырластық байланыстарымыз шексіз. Біз бауырлас Түркияға қиын күндерде көмектестік. Қиын кездерде Түркияның бізбен бірге болғанын білеміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар