Ердоған жер сілкінісі болған аймақты аралады

Президент Ердоған «Біз жаңа түсінікпен қалаларымызды қауіпсіз және тыныш елді мекендерге айналдыруға бел байладық» деді.

1949678
Ердоған жер сілкінісі болған аймақты аралады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз қала орталықтарында салатын 200 мың тұрғын үйдің геологиялық және жер асты зерттеулері аяқталған аудандарда алғашқы келісім-шарттарға қол қойдық» деді.

Президент Ердоған 6 ақпан күні жер сілкінісінен зардап шеккен облыстардың бірі Газиантептің Ислахие ауданында құрылған контейнерлік қаланы аралады.

Жер сілкінісінен зардап шеккен қалалардағы 1797 үйдің құрылыс жұмыстары бүгін басталатынын айтқан Ердоған «Біз жаңа түсінікпен қалаларымызды қауіпсіз және тыныш елді мекендерге айналдыруға бел байладық» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар