Боррель Түркияның жанында екенін айтты

Жозеп Боррель «Біз осы қиын күндерде Түркияның жанындамыз» деді.

1949401
Боррель Түркияның жанында екенін айтты

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Еуроодақтың Хатайдағы жер сілкінісіне байланысты жағдайды мұқият қадағалап отырғанын және Түркияның жанында екенін айтты.

Боррель Хатайдың Дефне және Самандаг аудандарында кеше орын алған 6,4 және 5,8 балдық жер сілкіністері туралы Twitter парақшасында мәлімдеме жасады.

Боррель «Түркияның Хатай аймағында жер сілкінісі қайталанды. Біз  зардап шеккен отбасылардың қайғы-қасіреті мен  жағдайды мұқият қадағалап отырмыз» деген сөздер қолданды.

Жозеп Боррель «Біз осы қиын күндерде Түркияның жанындамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар