АҚШ Түркияға көмек беруге табанды

Блинкен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін қолдарынан келгенін жасауға табанды екенін  түсіндірді.

1948571
АҚШ Түркияға көмек беруге табанды

Америка Құрама Штаттары  Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен эпицентрі Кахраманмараштағы  жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда тексеру жүргізу үшін Инжирлик әуе базасына барды. Блинкен бұл жерде Түркияға қолдау көрсетуге бел байлағандарын білдірді.

Аданадағы Инжирлик 10-танкер базасы қолбасшылығын аралаған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен 6 ақпанда болған 7,7 және 7,6 баллдық жойқын жер сілкінісінен кейін түрік халқының жанында болғандарын айтты.

АҚШ пен басқа елдердің жер сілкінісінен кейін бірден араласқанын айтқан Блинкен «Біз мұнда бір күнде шамамен 200 адамнан, иттерден және басқа да мамандардан тұратын іздеу-құтқару топтарын құрдық. Жер сілкінісінен кейінгі бірнеше күндерде баспана, су, азық-түлік, дәрі-дәрмек және киім-кешек үшін шамамен 85 миллион долларлық көмек жібердік. Бүгін көмектесу үшін 100 миллион доллар аударылды. Мен көмек беру үшін тағы да доллар әкеліп жатқанымызды жария еткім келеді. Біз бұл ақшаны босқындар мен иммиграциялық төтенше жағдайлар қорынан және Мемлекеттік департамент пен АҚШ Халықаралық даму агенттігіне қарасты гуманитарлық қордан алдық» деген сөздер қолданды.

АҚШ Халықаралық даму агенттігінің жер сілкінісімен байланысты жұмыстарға өте тез араласқанын баяндаған  Блинкен «Біз Түркияға  қолдау көрсетуге бел байладық. Әлемнің көптеген елдері де солай істеп жатыр» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін 1 миллиард долларлық гуманитарлық көмекке шақырғанын еске салған Блинкен «Қазіргі уақытта АҚШ 185 миллион доллар көмек көрсетті,  басқа не нәрсе істей алатынымызды көреміз. Басқа елдер де  араласуда.  Бірақ бұл шақыруды қаржыландыру өте шұғыл және біз басқа елдерід бұған шақырамыз. Біз қамтамасыз ете алатын қосымша ресурстарды қарастырумен қатар басқалардың көмек беруін ынтыландырып жатырмыз» деп көрсетті.

Блинкен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін қолдарынан келгенін жасауға табанды екенін  түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар