Барша әлем гуманитарлық көмек беруде

Гутерреш «Жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқы үшін 1 миллиард долларға гуманитарлық көмек көрсетуге шақырудамыз» деді.

1947524
Барша әлем гуманитарлық көмек беруде

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек ретінде 1 миллиард доллар бөлуге шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш тақырыпқа байланысты жазбаша мәлімдеме жасап, ғасырдың ең үлкен жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды.

Қаржының үш айлық кезеңге таратылатынын айтқан Гутерреш әсіресе азық-түлік, қауіпсіздік, білім біру, су және баспана салаларында 5,2 миллион адамға көмек бберетінін білдірді. Гутерреш «Түркия босқындарды ең көп қабылдаған және жылдар бойы сириялық көршілеріне жомарттық танытқан ел» деген сөздер қолданды.

Гутерреш әлемде көмек сұрағандарға ынтымақ танытқан түрік халқына қолдау көрсететін уақыттың келгенін атап өтті.

Гутерреш «Бүгін БҰҰ ғасырддың ең үлкен жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқы үшін 1 миллиард долларлық гуманитарлық көмек көрсетуге шақырудамыз» деген  мәлімдеме жасады.

Африканың шығысындағы 99 мың халқы бар арал мемлекеті Сейшел эпицентрі Кахраманмараштағы жер сілкіністерінің артынан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 66 тонна көмек жіберді.

Кувейттік көмек ұйымдарының Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін жіберген көмек ұшақтарының саны 9-ға жетті.

Ливияның Мисрата қаласында халық жер сілкінісі салдарынан Түркияға 12 жүк көлігі гуманитарлық көмек жіберді.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының Мисрата қаласындағы директоры Фехти Шибани  Қызыл Жарты Айының директоры «Түрік халқы мен Қызыл Жарты ай қоғамы әрқашан жанымызда болып, бізге көмектесті. Енді Түркияда жойқын жер сілкіністерірінде  біз гуманитарлық көмек беру үшін  түрік халқының жанында болғымыз келді» деді.



Ұқсас жаңалықтар