Түркия БҰҰ-на жер сілкінісі туралы мәлімет берді

Синирлиоғлу Кеңеске зілзала апатының ауқымы, шұғыл қажеттіліктер, зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары және халықаралық көмек туралы ақпарат берді.

1946232
Түркия БҰҰ-на жер сілкінісі туралы мәлімет берді

Түркия Кахраманмараштағы жер сілкіністері туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесін хабардар етті.

Түркияның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жабық форматта өткен жеке отырыста кеңес мүшелерін жер сілкінісінен кейінгі соңғы жағдаймен таныстырды.

Синирлиоғлу Кеңеске зілзала апатының ауқымы, шұғыл қажеттіліктер, зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары және халықаралық көмек туралы ақпарат берді.

Түркиямен ынтымақтастығы үшін халықаралық қауымдастыққа алғысын білдірген  Синирлиоғлу жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияның солтүстік-батысына басқа елдер мен БҰҰ-дан келетін гуманитарлық көмектердің Түркияның шекара қақпалары арқылы тасымалдануы мүмкін екенін және бұған қажетті жағдайдың жасалғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар